Қаржы вице-министрі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген

Ербол Қарашөкеев, фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, бакалавр академиялық дәрежесімен менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, заңтану бакалавры.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған.

1999-2001 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қаржы департаментінің директорының м. а., директоры – басқарма мүшесі. 

2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді.

2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылдары - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі. 

2010-2012 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры. 

2012-2013 жылдары - «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры.

2013-2016 жылдары - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2016-2019 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында - Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін - «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының м. а.