Олар келген жері бойынша карантиндік стацонарларға жатқызылды
28 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив, Шри-Ланка, Түркия, Германия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 389 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама 5 351 адамда болса, қалған 38 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.