Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лардың бәрінде жұмыс уақытша тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметі ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулықтарға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.