Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Министрлік Үкімет қаулысының жобасын ашық талқылауға ұсынды

көрнекі сурет

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР мерекелер тізіміне қосымша енгізетін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

«Мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкімет қаулысы төмендегідей мазмұнда толықтырылсын: «15 сәуір – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні», – делінген ақпаратта.

Аталған құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.