Биыл - Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл
Полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң қабылдау жоспарлануда. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
Сонымен қатар, министр ағымдағы жылы жалпы ауданы 18 311 шаршы км құрайтын бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында кешенді экологиялық тексеруді аяқтау жоспарланғанын (100%) айтты. Тексеру қорытындылары бойынша бұрынғы сынақ аумағының радиоэкологиялық жағдайы айқындалмақ.