Ол 2019 – 2021 жылдары Ұлттық экономика министрі болды
Руслан Дәленов Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, банктің жаңартылған басқарма құрамына енді. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
Руслан Дәленов Түркиядағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2008 – 2017 жылдары Қаржы вице-министрі болды.
2017 – 2019 жылдары Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болды.
2019 – 2021 жылдары Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.