Тоқаев жүргізуші куәлігін алып жүруді талап етпейтін құжатқа қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

көрнекі фото

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойды.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Сенат депутаттары жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастауды мақұлдады. Алайда, бұл заң тек қазақстандық жүргізушілерге қатысты болмақ. Шетелдіктер бұрынғыдай өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты алып жүруі тиіс.