Компанияның жалғыз акционері «Бәйтерек» холдингі болып қала береді
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» атауы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» деп өзгерді. Ресми қайта тіркеу 2021 жылғы 26 қаңтарда тіркеуші органда жүзеге асырылды. Бұл туралы ақпарат аталған қаржы ұйымының ресми сайтында жарияланды.
Компания атауының өзгеруі 2020 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша құжатқа негізделген. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің тұрғын үй блогы үш еншілес компанияны – «Бәйтерек Девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Қазақстанның тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына біріктірілді.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері 100% мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін «Бәйтерек» холдингі болып қала береді. Біріккен компания тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмысын жалғастырады: