Елімізде 14,6 мың шетелдік азамат жұмыс істеп жүр
Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты жыл сайынғы квота биыл республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады. Қазір 1,7 мың кәсіпорында 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді, ал қазақстандық қызметкерлердің үлесі - 96%. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
2021 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат мына санаттар бойынша:
Еске сала кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғау және қазақстандықтар үшін жұмыс орынын сақтау үшін ШЖК тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға қысқартылды.