Күшейтілген шектеу 5 қаңтарға дейін жалғасады
Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, дәрі-дәрмектерге баға саясатын мониторингтеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, карантиндік шаралардың сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндады.
ҚР-да коронавирус инфекциясының таралуы бақыланатын деңгейде тұр. Коронавирус инфекциясымен жаңадан сырқаттанғандардың тәуліктік өсімі 0,4%-ды, репродуктивтік көрсеткіші 0,9-ды құрайды. Инфекциялық төсек орындарының толымдылығы – 28%, реанимациялық төсек орындарының толымдылығы – 20%. 5 өңір жоғары және орташа тәуекел аймақтарында орналасқан, атап айтсақ: Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары.
Келесі жылғы қаңтар-ақпан айларында ЖРВИ мен тұмаудың өсуі аясында коронавирус инфекциясымен сырқаттану деңгейінің арту қаупі бар.
Осыған байланысты ВАК бірқатар шешім қабылдады:
Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды:
Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министр әкімдердің назарын қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пункттерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне аударды.
Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.