$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2020, 16:21
Үкімет

Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті

Қазақстан мен Ресей цифрландыру жөнінде меморандумға қол қойды

Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.

Іс-шара барысында ресейлік делегация өкілдері Қазақстан Президентіне цифрлық шешімдердің жобалары, цифрландыру саласындағы кешенді әзірлемелері жайында егжей-тегжейлі айтып, Sber экожүйесін пайдалану тәжірибесімен бөлісті. 

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселелері бойынша екіжақты іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Серіктес жаңалықтары