Үкімет басшысы Асқар Мамин ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ПТР-диагностикалау мен жеке қорғаныш құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу жұмысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, өңірлердегі ахуал туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.
Ерте вакцинациялау, жаппай маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау шараларының арқасында биыл күзде халықтың пневмониямен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылығы төмендеген. Мысалы, қазан айында осы жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, пневмониямен ауырғандар саны 26%-ға (24,8 мыңнан 18,3 мыңға дейін азайды), ал жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар 7,6%-ға (286,8 мыңнан 265,3 мың адамға дейін) азайған. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауыру 1,7 есе (2019 жылғы қазанда 441,2 мың, биылғы қазанда 265,3 мың) төмендеді.
Сондай-ақ барлық өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы артқаны байқалады. Вирустың репродуктивтік индексі республика бойынша – 1,2%, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы 21%, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі 17%-ды құрайды. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары — сары аймақта.
Премьер-министр қызыл және сары аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігіне:
Ішкі істер министрлігіне халық пен бизнес субъектілерінің шектеу және карантин шараларын сақтауын бақылау жөніндегі мониторинг топтарының жұмысын күшейту тапсырылды.