$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2020, 11:50
Үкімет

Министр полиция қызметкерлерінің жалақысы қашан өсетінін мәлімдеді

Жақында Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеруді тапсырды

Министр полиция қызметкерлерінің жалақысы қашан өсетінін мәлімдеді
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Келер жылдан бастап полиция қызметкерлерінің жалақысы артады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Үкіметке келер жылдан бастап полицейлердің жалақысын көбейту туралы тапсырма берді. Келесі жылдан бастап жалақы көтеріледі. Сонымен қатар, үйді жалға алу үшін өтемақы алушылардың саны өседі. Өйткені полиция қызметкерлері өз ісінде адал, тұрақты, қарапайым азаматтарға көмек беру үшін материалдық жағдайы дұрыс болуы тиіс. Сол кезде ғана олардан нақты жұмыс талап етіп, сервистік модельге көшу бойынша жоспарды жүзеге асыра аламыз. Әрбір қызметкер тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға кез келген уақытта көмек беруге дайын болуы керек», - деді министр.

Сондай-ақ министр баяндамасында Қазақстандағы қылмыс санының азайғанын атап өтті.

«Қылмыс саны 37 пайызға азайды. Ауыр қылмыстардың ішінде денсаулыққа зиян келтіру – 12%, зорлық-зомбылық –  39%, қарақшылық – 52%, тонау – 50%, бұзақылық фактілері 45%-ға төмендеді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды. Көшеде жасалатын қылмыс – 51%, мас күйінде жасайтын қылмыс 16-ға азайып отыр. Қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды. Ауыр қылмыстардың 64%-ы, аса ауыр қылмыстың 94%-ы ашылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, 29 қазанда Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысып, полиция қызметкерлерінің еңбекақысын 30 пайызға көтеруді тапсырды.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары