$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2020, 13:18
Үкімет

«Қосымша құн салығын кері қайтаруға болады»: Кірістер департаменті анық-қанығын түсіндірді

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды

«Қосымша құн салығын кері қайтаруға болады»: Кірістер департаменті анық-қанығын түсіндірді
Скриншот: YouTube

Әлеуметтік желілерде «Қазақстандықтар бір кездері төлеген қосымша құн салығы сомасын кері қайтара алады» деген ақпарат тарады. Бұл туралы YouТube желісіндегі «Финансовый советник» арнасында жарияланған видеода айтылған. Жалған видеода телеарна сюжеті негізге алынып, диктордың сөзін жасанды интеллект арқылы оқылған мәтінмен алмастырған. Бұл туралы StopFake порталы түсіндірді. 

Видео соңында пайдаланушыларға төлемді қайтару үшін жеке банк картасының мәліметтері енгізілетін фишингтік сайтқа өту ұсынылады.

Видео авторының айтуынша, жаңа заң жобасына сәйкес барлық жасалған сатып алудан ҚҚС-ты 18 жастан асқан кез келген ҚР азаматы қайтара алады. Осы мақсатта «Төленбеген ақша қаражатын қайтарудың бірыңғай өтемақы орталығы» құрылған-мыс.

Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«Ойдан шығарылған қаржы қайтару туралы нұсқаулықта автор көрерменнен өзінің мәліметтерін, банк картасының номерін және CVV/CVC кодын көрсетуді сұрайды. Осылайша, жалған заңгерлер банктік картадағы ақшаны иеленеді. Видеожазба немесе жалған сайтта жағымды пікірлер де болуы мүмкін, олар да шындыққа жанаспайды», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ведомствода жыл басында Қазақстанда YouTube-те таралған фишингтік интернет-ресурс анықталғанын еске салып өтті. KZ-CERT қызметі оны «Интернет сегментіндегі фишинг/алаяқтық» деп тапты. Ресурсты әзірлеушілер пайдаланушылардың жеке мәліметтерін және банк карталарының деректерін жинаған.

Мемлекеттік кірістер комитеті барлық қазақстандықтарды сақ болуға және жалған дереккөздерден таратылған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары