Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа комитеттері құрылды

Автор: Azattyq Rýhy

Министрлік құрамына төрт комитет кіреді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамындағы жаңа комитеттердің атауы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаулыға сәйкес, Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды. Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді. Бұдан бөлек ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, биыл қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған еді.