Жаңа заң Сенат қарауына жіберілді
Бүгінгі Мәжіліс отырысында «Қарыздық еңбек мәселелерін реттеу бойынша» заңға толықтырулар қарастырылып, ұсынылған өзгерістер мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Заң жобасының нормалары қарыздық еңбек саласында еңбек етуші азаматтарды әлеуметтік қорғауға, сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан олардың еңбек үшін сыйақы алу құқығының сақталуына, еңбек жағдайларын қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.
«Осы құжатта қарыздың еңбекті реттеу нормасы енгізілді. Бұл азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік жағдайын сақтауда жаңа мүмкіндік деуге болады», - деді Нұрлан Нығматуллин.
«Қабылдаушы тараптың жұмыскерлері», «персоналды беру» деген жаңа анықтамалар ұсынылады, «еңбек міндеттері», «еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға» ұғымдарына нақтылау сипатындағы өзгерістер енгізіледі.
Бұдан басқа, Еңбек кодексін:
Сонымен қатар, Заң жобасында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан