Бірінші жылы 100 мың отбасы қолдау табады
Үкімет келесі жылдан бастап алдымен 100 мың отбасының пәтерақысын субсидиялайды. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
«Мемлекет тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялайды. Бұл бірінші жылы 100 мың қазақстандық отбасын қолдауға мүмкіндік береді», - деп мәлім етті Тоғжанов Үкіметтегі брифингте.
Сондай-ақ, ол келесі жылдан бастап 721 мың қазақстандық бірыңғай зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін не баспана алуға, не емделуге, не қаржы компанияларына салуға ала алады деп хабарлады.