Қазақстанда Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті бар

Фото: alau.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында Қазақстанда Президентке тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау агенттігін құруды тапсырды.

«Кәсіпкерлер нарыққа ене алмай жүр. Олар кірген жағдайда, жеке монополиске бағынуға мәжбүр. Бәсекелестікке қарсы көріністер көмір, электр энергиясы, мұнай өнімдері, байланыс, фармпрепараттар нарығы, әуежай қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, логистика қызметтері сияқты барлық жерде байқалады. Тізімді жалғастыра беруге болады.

Сол себепті, Президентке тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын», - деп тапсырды Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір жұмыс істеп тұрған стратегиялық жоспарлау агенттігінің жұмысын қайта қарап, Президентке бағынатын жаңа орган құруды тапсырды.