4 медициналық мекеменің барлығы штаттық жұмыс режиміне көшті
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты стационар ретінде қызмет еткен медициналық мекемелер біртіндеп бұрынғы жұмыс режиміне көшіп жатыр. Бүгін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Twitter-парақшасында стационар ретінде жұмыс істеген 4 әскери госпитальдің штаттық жұмыс режимге көшкенін хабарлады.
«Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның арасында коронавирустық инфекция жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қызмет еткен барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды», - деп жазды министр.