Қазақстанда 13 инфекциялық аурухана салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Сол арқылы 5 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр

Фото: Батыржан Беспаев

Қазақстанда «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында 13 инфекциялық модульдік аурухана салу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  айтты.

13 аурухана 2,7 мың адамға арналған. Сол арқылы 5 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлап отыр.

Сонымен бірге 10 мың адамға жұмыс беретін 80 жаңа білім беру нысаны тұрғызылмақ. 383 тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы нысаны салынады және жөнделеді.

Министрдің айтуынша, осы ретте «Жұмыспен қамту» жол картасына қосымша 100 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан