Қазақстанда 17 тамыздан бастап қайта жұмыс істейтін нысандар анықталды
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, шектеу шараларын жеңілдету жөніндегі ұсыныстар, өңірлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті қайта бастауға дайындығы туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және т. б. баяндады.
Қазақстанда карантин шаралары күшіне енгізілген кезеңде эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылып, медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай төмендетілді. Вирусты жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 0,5%-ға дейін төмендеді. Сауығып шыққан адамдар саны 76%-ға жетті. Репродуктивтіліктің орташа көрсеткіші 0,78-ге дейін төмендеді, төсек орындарының жүктемесі 26%-ды құрайды.
Мемлекеттік комиссия өңірлердің әкімдерінің ұсыныстарын, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың ұстанымын ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті және бірқатар шешім қабылдады:
1. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді:
2. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар жасауға (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұру, эпидемияға қарсы шараларды және алдын алу шараларын сақтау) рұқсат етіледі.
3. Биылғы 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер соңғы аялдамада дезинфекциялау мен желдетуді қамтамасыз етіп, отырғызу орындарының толуына қарай жүре бастайды.
4. Салынған тыйым сақталады:
5. Эпидемиологиялық жағдайды одан ары тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.