Қаладағы экологиялық проблемаларды шешу үшін жол картасы әзірленді
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы жұртшылығымен онлайн-кездесу өткізіп, қаланың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі жол картасы таныстырылды.
«Бүгін біз Алматы қаласының және облысының әкімдігімен бірге тұрғындармен экологиялық мәселелер бойынша нәтижелі онлайн-кездесу өткіздік. Кездесуге белсенді қатысып, тұжырымды ой-пікір білдіргені үшін бәріне алғыс айтамын. Эко-белсенділердің ұсынысы бойынша алда мұндай кездесулер жиі өтетін болады. Сондай-ақ қалалық Экология департаментіне жұртшылықпен диалогты жандандыруды тапсырдым», - деп жазды министр Twitter желісіндегі парақшасында.
Кездесу кезінде қаланың экологиялық мәселелерін жан-жақты шешудің жоспары мен жол картасын таныстырылды.
«Бұлар - ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 орындарын қайта жаңғырту, жел режиміне байланысты құрылыс жоспарын түзету, жасыл желек көлемін ұлғайту, қалалық жолаушылар көліктеріне дизель отынын пайдалануға кезең-кезеңімен тыйым салу және т.б. шаралар», - деді министр.
Министрдің айтуынша, жол картасына тұрғындар тарапынан тағы ұсыныстар енгізіледі. Жергілікті билік оны іске асырады.
«Алматы тұрғындарымен әлі де экологиялық мәселелерді талқылаймыз деп үміттенемін. Бәріміз бірлескенде ғана жағдайды жақсарта аламыз», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшысы Зұлфыхар Жолдасовтың дерегі бойынша, Алматы ел бойынша ауасы қатты ластанған 10 қаланың ішіне кіреді.
«Ауаның ластануына жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болып отыр. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан. ТЭЦ-3 және ТЭЦ-2-ні газға алмастыру керек, сонда ТЭЦ-2 қаланың үштен бір бөлігіне тең болады», - дейді комитет басшысы.
Алматыдағы экологиялық проблемаларды шешу үшін жол картасы әзірленді. Ол бекітілгеннен кейін іске аса бастайды.