16.07.2020, 16:36
Үкімет
Карантин жағдайында тоқтап тұрған кей жолаушылар пойызы 2 тамызға дейін жүрмейді
Алдын ала билет алған жолаушылар билет ақшасын толық көлемде қайтарып ала алады
Фото: ашық дереккөзден
Карантин кезінде уақытша тоқтап тұрған кейбір жолаушылар пойызы тағы екі апта қатынамайтын болды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Мемлекеттік комиссиясының 2 шілдедегі шешіміне, бас мемлекеттік санитар дәрігердің 3 шілдедегі қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында төменде көрсетілген жолаушылар пойызының уақытша тоқтатылуы тағы 2 аптаға ұзарады:
- 1. № 31/32 «Алматы-2 – Павлодар» пойызы.
- 2. № 258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы
- 3. № 3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Алматы-2» пойызы
- 4. № 68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол - Өскемен-1» пойызы.
Аталған пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толық көлемде ала алады. Жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.
Көп оқылған
08.09.2026, 12:48
«Өзіме де қызық»: Жұлдыз Сүлейменова «қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты ойын айтты
08.09.2026, 17:29
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
08.09.2026, 15:48
Қазақстандық танымал блогер Трамптың ұлымен бірге тауға шығамын деп адасып кетті (ВИДЕО)
08.09.2026, 19:30
БҚО тұрғыны талма ауруына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылды