$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2020, 15:29
Үкімет

Мүгедек жандар мен зейнеткерлер қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады?

Еңбек министрі мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлердің қай тобына әлеуметтік төлем берілетінін түсіндірді

Мүгедек жандар мен зейнеткерлер қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады?
фото: Батыржан Беспаев

Елдегі карантин режиміне байланысты табысынан айрылған азаматтарға мемлекеттен берілетін 42 500 теңгені зейнетақы алатынына қарамастан, жалдамалы жұмысшы болып жүрген зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. 

«42 500 теңге төлемді мемлекет бюджетінен зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек пен сақтандыру қорынан көмек алып жүрген кісілер алмайды. Бірақ, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында карантинге дейін қандай да бір мекемеде ресми жұмыс істеп, елдегі ахуалға байланысты қосымша табысынан айырылып қалғандар болса, Үкіметтен зейнетақы алатынына қарамастан 42 500 теңге алуға өтініш бере алады», - деді министр.

Еске салайық, 17 шілдеден бастап 42 500 теңге бойынша өтініштер қабылданады.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары