Қазақстанда шұғыл түрде жер реформасы жөніндегі комиссия құрылмақ

Автор: Azattyq Rýhy

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырма берді

Фото: inform.kz

Айта кетейік, 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын ескертті.

«Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», - деді ол.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігіне тез арада жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы ұсыныс дайындауды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі осы аптаның соңына дейін жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы шешім жобасын енгізсін. Комиссия жер ресурстарын одан әрі пайдалану бойынша нақты ұсыныстарын дайындауы қажет», - деді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан