Жүргізушілердің өтінішімен төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылмақ
Республикада ақылы жолдардың саны тағы көбейеді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, биыл қосымша 6 жол учаскесінен ақы алына бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Иманашев ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамытылып жатқанын атап өтті.
«Қазір ел аумағында жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі бар. Биыл қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда», - деді Иманашев Үкімет отырысында.
Дәлірек айтқанда, осы жылдан бастап мына жолдар ақылы болады:
«Сондай-ақ, ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді. Қазіргі таңда 14 учаскеде (477 км) жалпы көлемі 1 млн 100 мың шаршы метр ақау тіркелді. Жөндеу жұмыстары биылғы жол-құрылыс маусымында қолға алынады», - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініші бойынша төлем мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылады. Қазір өзгерістерді мемлекеттік органдармен келісу жұмысы жүріп жатыр.