Тиісті Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды
Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институтына» 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақша институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарланып отыр, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Осы қаулыны Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қаржы министрлігі орындап, ақшаны мақсатты пайдалану керек.