Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Автор: Нұргүл Абай

Жиында Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады

Фото: Ақорда

Бүгін, 10 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Кеңейтілген отырыста премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, премьер – министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.