Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов неге екі түрлі цифр айтылып жатқанын түсіндірді
Қазақстан Үкіметі елдегі коронавирус пандемиясымен күреске 191,9 млрд теңге (дәл қазіргі датада - авт.) бөлген. Бұл туралы бүгін Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, 7 шілде күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет коронавирус инфекциясымен күресу үшіносы күнге дейін 114 млрд теңге бөлгенін және ол қаражат қайда жұмсалғанын айтып, есеп берген. Бүгін вирусқа қарсы бюджет туралы дәл сондай сұраққа жауап берген Берік Шолпанқұлов басқа соманы атады және Алексей Цойдың не үшін 114 млрд теңге деп айтқанын түсіндірді.
«Қазіргі датада коронавируспен күреске 191, млрд теңге бөлінген. Оның ішінде, бюджетті нақтылаған кезде 125 млрд теңге, үкімет резервнінен 66,9 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат қатаң түрде мақсатты сипатқа ие. Бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын Қаржы министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірге тексереді. Қаражат ең соңғы нүктесіне жеткенге дейін қатаң тексереміз және тексеру үшін қаржы министрлігінің бүкіл ресурсы тартылады», - деді Шолпанқұлов.
Ал, Қаржы вице-министрі кешегі Денсаулық сақтау министрі айтқан 114 млрд теңге сол ведомствоның ғана бақылауындағы ғана қаражат екенін айтты. Алайда, Шолпанқұлов қалған 80 млрд теңгеге жуық қаражат қайда кжұмсалғанын нақтылаған жоқ.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан