Өткен тәулікте отандық кәсіпорындар 748 мың дана медициналық маска өндірді

Автор: Azattyq Rýhy

200 мыңнан астам масканы бір кәсіпорын өндірген

фото: gov.kz/memleket

2020 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша елімізде тәулігіне 748 мың дана медициналық маска өндірілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бір тәулікте өндірілген маскалардың 549 мың данасы фармацевтикалық кәсіпорындарға, 199 мыңы – тігін компанияларына тиесілі. Қоймаларда 3 798 дана бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-ға беріліп отырады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.

Медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm» фармацевтикалық компаниясы. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 дана маска шығарды.