Олар коронавируспен күрес жайын талқылады
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев COVID-19 қарсы күресте өзара іс-қимыл және қолдау көрсету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«COVID-19 салдарынан қалыптасқан жағдай инфекциямен күресте халықаралық ынтымақтастықтың, өзара іс-қимыл мен қолдаудың маңызды екенін көрсетті», - деді кездесуде Алексей Цой.
Тараптар клиникалық хаттама, ғылыми зерттеулер әзірлеу, вакцина мен оның клиникалық сынағын қарастыру, гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек бойынша бірлескен әзірлемелерді жеткізу бойынша өзара ынтымақтастықты талқылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы уағдаластыққа сәйкес РФ Денсаулық сақтау министрлігіне гуманитарлық көмек ретінде олардың қажеттілігіне қарай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі ресми түрде жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 6 шілдеде Мәскеу қаласынан Нұр-Сұлтанға жаңа инфекциямен күрес жұмыстарына тартылған 32 маман келген еді.