Қазақстандықтар әртүрлі мәселеге қатысты байланыс орталығына 135 мың рет қоңырау шалған

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Фото: үкімет

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы Электронды қаржы орталығына барып, салық реформасын түсіндіруге қатысты жұмыс барысымен танысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, байланыс орталығына азаматтардан 135,5 мың өтініш келіп түскен.

«Салық төлеушілер үш деңгейде кеңес ала алады. Биыл қаңтар айының басынан бері 1414 байланыс желісіне, мессенджерлер және ЖИ-мен жұмыс істейтін чат-боттарға телефон қоңыраулары арқылы 135,5 мыңға жуық өтініш келіп түсті», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Яғни, күн сайын операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдайды. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы, әлеуметтік төлемдер және тағы да басқа мәселелерге қатысты сұрақтар.