Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын жаңа төрт зауыт салынатын болды

Автор: Бақыт Шынар

Премьер-министр тиісті қаулыға қол қойды

Фото: freepik.com

Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын төрт жаңа зауыт салынатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойған.

«ҮкіметДенсаулық сақтау министрлігі мен «АлтИНФАРМ» ЖШС, «МСП-РОМФАРМ» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал фарм» ЖШС және «Нобел Алматы фармацевтика фабрикасы» АҚ арасында инвестициялар туралы келісімдер жасасуды мақұлдады. Бекіген жобаларға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 173 млрд теңге», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Жобалар сәтті орындалса, әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттарды қоса алғанда, 356 дәрі-дәрмек түрі өндіріледі.

Үш зауыт Алматыда, ал, бір зауыт Түркістан облысында салынады.