Үкімет басшысы 10 шілде күні өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындалып жатыр
ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі бірнеше телеграм-каналдарда тараған «Үкімет басшысы коронавирус жұқтырды» деген ақпаратқа қатысты жауап берді. Ресми жауапта Премьер-министр Асқар Маминнің коронавирус жұқтырғаны жөніндегі ақпарат фейк екені және оның шындыққа жанаспайтыны айтылған. Сондай-ақ Үкіметтің баспасөз қызметі тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
«Қазір Үкімет басшысы кестеге сай жұмыс істеп, 10 шілде күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде. Премьер-министрдің баспасөз қызметі тек ресми дереккөз таратқан ақпаратқа сенуге шақырады», - делінген хабарламада.