$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептегіш құрылғылары орнатылады

Су саласында жетекші шетелдік басқарушы компаниялармен келіссөздер жүргізілген

Елімізде 2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептегіш құрылғылары орнатылады
Фото: freepik.com

Қазақстанда су саласын цифрландыру аясында 2026-2028 жылдары 3,6 млн «ақылды» су есептегіш құрылғылары орнатылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген. Нәтижесінде апаттар мен электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайып,  жабдықтардың қызмет ету мерзімі ұзарады. Мұндай іс-шараларға Дүниежүзілік банктің қаражатын тарту жоспарланып отыр.

«Отандық және халықаралық сарапшылармен бірге 5 қалада – Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинсктегі су арналарының қызметі бағаланды. Нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды және біртұтас цифрлық шешімдерді және кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін техникалық тапсырма әзірленді. Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде. 2026–2028 жылдары 3,6 миллионнан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда», - деді Қажкенов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, су саласына халықаралық тәжірибені тарту үшін былтыр жетекші еуропалық және азиялық басқарушы компаниялармен келіссөз жүргізілген.

«Нәтижесінде әлем бойынша (соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Испания, БАӘ, Жапония, Сингапур, Катар және басқа елдерде) тәжірибесі бар ең ірі халықаралық желілік операторлар – Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық компетенциялар мен халықаралық үздік тәжірибелерді тартуға бағытталған. Қазіргі уақытта бірнеше азиялық компаниямен келіссөз жалғасуда (Manila water company, Сhina civil engeneering constraction)», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары