$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде құрылыс қарқыны 3,4%-ға артқан

17521,9 мың шаршы метр жаңа нысан пайдалануға берілген

Елімізде құрылыс қарқыны 3,4%-ға артқан
Фото: istockphoto.com

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда құрылыс саласы айтарлықтай қарқынмен дамып келеді. Осы кезеңде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9%-ға өсіп, жалпы сомасы 6,4 трлн теңгеден (6441,3 млрд теңге) асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы құрылыс көлемінің 93,2%-ын жеке құрылыс ұйымдары, 6,2%-ын шетелдік компаниялар, ал 0,6%-ын мемлекеттік сектор орындаған.

Өсім, негізінен, имараттар (19,7%), тұрғын емес ғимараттар (9,8%) және тұрғын үйлер (7,2%) құрылысының, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының артуымен байланысты.

Құрылыс саласының негізгі үлесін:

  • автомобиль, теміржол және метро құрылысы – 23,9%,
  • тұрғын емес ғимараттар – 21,8%,
  • тұрғын үйлер – 12,8% құрап отыр.

Есепті кезеңде ел бойынша 17521,9 мың шаршы метр жаңа нысан пайдалануға берілген.

Оның ішінде тұрғын үйлердің жалпы ауданы 12 851,4 мың шаршы метр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға көп. Оның 8 072,2 мың шаршы метрі – көп пәтерлі үйлер, ал 4 666 мың шаршы метрі – жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйлердің басым бөлігі – 91,9% немесе 11 812,1 мың шаршы метр жеке құрылыс салушылар есебінен салынған. Соның ішінде 4 875,5 мың шаршы метрі халықтың өз қаражатына тұрғызылған.

Осыған дейін елорданың қарқынды құрылысына үлес қосып жүрген Олжас Кожиннің құрылыс саласындағы еңбек жолы жайлы жазған едік. 

 

Серіктес жаңалықтары