Биыл әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады
Жыл басынан бері автомобиль көлігі саласында республика ішінде 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ал, халықаралық қатынаста 2,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде: экспорт – 640 мың тонна, импорт – 1,7 млн тонна болды. Сонымен қатар, 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды.
2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Осыны көздейтін заң жобасы қазіргі кезде Мәжілістің қарауында.
Қазіргі уақытта автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңдай кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. 1 мыңдай кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Олардың 17,5 мыңнан астам көлігі бар.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемде COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына және елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты келесі шаралар қабылдады:
Ал халықаралық және республикаішілік қатынаста жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға шектеулер енгізілмегенін айта кету керек. Қазіргі уақытта бағдарлардың қысқаруына немесе тоқтатылуына байланысты қазақстандық автобус тасымалдаушыларының ахуалына сараптамалық бағалау жүргізіліп, саланы қолдауға қатысты ұсынылатын шаралар қарастырылып жатыр.