Тәкиевтің сөзіне сенсек, министрлік жоспарды 102% болған
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгеге жеткен. Осылайша, Қаржы министрлігі жоспарды 102% орындаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті.
Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 116% немесе 2,4 трлн теңге болған. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түскен. Жоспар 97,3% орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.
«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды»,- деді Мәди Такиев.