Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика вице-министрі мәлім етті
Жыл басынан бері 9 ай ішінде Қазақстан экономикасы 6,3% өскен. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, тамыздан кейін экономиканың өсімінде баяулау байқалған.
«9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3% болды. Қаңтар-тамызбен салыстырғанда шамалы баяулау байқалады. Нақты сектордағы өсу 8,1%, қызметтер өндірісі 5,3% өсті», - деп мәлім етті Әмрин.
Оның айтуынша, жақсы қарқын алған салалар қатарында көлік қызметтері, құрылыс пен тау-кен өнеркәсібі бар.
«Жалпы ішкі өнім 70% өсімі өнеркәсіп, сауда және көлік қызметтеріне тиесілі», - дейді вице-министр.