«Богатырь Көмір» мен «ҚазТрансГаз» миллиардтаған қарызын қайтара алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қарызын қайтара талмаған кәсіпорындар жұмысын тоқтатуы мүмкін

bogatyr.kz

Еліміздегі көптеген энергия өндіруші ұйымдар «Богатырь Көмір» мен «КазТрансГазға» миллиардтаған ақша қарыз. Бұл жөнінде сейсенбі күнгі Үкімет отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Атап айтқанда, «ҚазТрансГаз» АҚ-на 7 компания 6,4 млрд теңге берешек.

«МАЭК-Казатомпром» ЖШС» 3 087 млн. тенге
«Жайықжылуқуат» АҚ, Орал 1 506 млн. тенге
«Алматыжылжайэнерго» ЖШС 630 млн. тенге
«Қызылорда Жылу электр орталығы» МКК 400 млн. тенге
«Өзен Жылу» МКК 389 млн. тенге
«ТаразЭнергоОрталық» АҚ 274 млн. тенге
«Житикаракоммунэнерго» МКК 128 млн. тенге

 

Ал, «Богатырь Көмір» АҚ-на 6 орталық 3,2 млрд теңге қарыз.

«Павлодарэнерго» АҚ 1 390 млн. тенге
«Севказэнерго» АҚ 683 млн. тенге
«Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК  469 млн. тенге
«Bassel Group LLS» ЖШС 255 млн. тенге
«Степногорск» ЖЭО» 252 млн. тенге
«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС 202 млн. тенге

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы Ахметжан Есімов «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на да кәсіпорындар 6,4 млрд теңге қарыз екенін айтты. Оның 5,7 млрд теңгесінің мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан ол қорға қарасты компанияларға қарызды қайтара алмай отырғаны үшін қатаң жаза қолданбақ.

«Біз енді біздің компания жетекшілеріне дебеттік қарыздармен өте нашар жұмыс істегені үшін өте қатаң шаралар қабылдаймыз. Коронавирус жағдайы, экономиканың халі түсінікті. Дегенмен, егер қарыз қайтарылмаса, кәсіпорындар жұмысының жалғасу-жалғаспауы үлкен сұрақ болады. Сондықтан әріптестеріміздің осыған назар аударуын сұраймын», - деп ескертті А.Есімов.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан