Президент бұл туралы Қазақстан халқына жолдауында жария етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін қүруды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейінде маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу керек. Қазақстанды бәсекелі ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», - деді Тоқаев ел халқына Жолдауында.