Қазақстандағы Jetour және Geely диллерлерінің саудадағы ережелері заңсыз болып шықты

Автор: Бақыт Шынар

Олар тек өз салондарында ғана сервистік қызмет көрсету туралы талап қойған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысындағы департаменті Jetour және Geely маркалы автомобильдердің Қарағанды қаласындағы ресми дилерлері заң бұзып келгенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қарағандыдағы «KRG AUTO» (Jetour ресми дилері) және «Autocity Karaganda» (Geely ресми дилері) компанияларын тексерген.

«Екі диллер көлік сатып алған адамдарға көлігін тек бір сервистік орталықта ғана жөндете алатыны туралы талап қойып, оны келісімшартқа бекіткен. Бұл шарт орындалмаған жағдайда кепілдікті жойып отырған. Мұндай талаптар тұтынушылардың құқықтарын шектейді және сатудан кейінгі қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікке кедергілер туғызады», - деп хабарлайды агенттік.

Агенттіктің департаменті осы талапты жою туралы хабарлама жолдаған соң екі компанияна да өз ережесін өзгерткен.