Жыл соңына дейін 25 мың данасы дайын болу керек
Қарағанды облысы Сарань қаласындағы Silk Road Electronics зауыты Samsung брендімен теледидар және кір жуғыш машина өндіре бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты хабарлағандай, бұл бастама мемлекет, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің арқасында мүмкін болып отыр.
«Зауыт SmartThings экожүйесін қолдайтын Samsung кір жуғыш машинасын, сондай-ақ Smart TV функциясы бар теледидарлар шығарады. Жыл соңына дейін Samsung брендімен 10 мың теледидар мен 25 мың кір жуғыш машина шығару жоспарланып отыр», - деп хабарлайды министрлік.
Негізі, зауыт келесі жылдардан бастап жылына 150 мың теледидар және 200 мың кір жуғыш машина шығармақ.