Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы мұнай тасымалдауын тоқтатқан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді. Дереккөзге сүйенсек, қазір «ҚазТрансойл» мен «Невская құбыр компаниясы» келіссөз жүргізіп жатыр.
«Усть-Луга портындағы жағдай бойынша, көлік инфрақұрылымын қорғауды арттыру мақсатында қосымша шаралар енгеніне байланысты «ҚазТрансойл» мен «Невская құбыр компаниясы» ЖШС арасында келіссөз өтіп жатыр», - деп хабарлады энергетика министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдің Усть-Луга портындағы жағдайға байланысты экспортта кідірістер болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.