Ал ТМД елдері арасында Қазақстан абсолютті көшбасшы атанған
Speedtest Global Index-тің жаңартылған деректеріне сәйкес 2025 жылдың маусымында Қазақстан мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша елдер рейтингісінде үш сатыға көтеріліп, 103 елдің ішінде 47-орынға ие болды, деп жазады Azattyq Rýhy finprom.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 87,27 Мбит/с шамасына жетті.
жазуынша, Қазақстан ТМД елдері арасында айтарлықтай басымдықпен абсолютті көшбасшы атанды. Қазақстан мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша мынадай елдерден алда келеді:
«Тағы бір ескерер жайт, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Гонконг, Венгрия, Румыния, Испания, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Ирландия, Жапония сынды бірқатар елдерді басып озды», - деп жазады сайт.
Айта кетерлігі, Ookla (Speedtest Global Index) — байланыс сапасын талдау саласындағы әлемдегі ең беделді дереккөздердің бірі. Әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді пайдалана отырып, Ookla желілер мен қосылымдардың жай-күйі туралы дәл әрі іс жүзінде қолдануға болатын инсайттар ұсынып, өнімділік көрсеткіштерін телеком нарығы үшін стратегиялық маңызды ақпаратқа айналдырады. Бүгінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушы мобильді желілердің сапасын бағалау үшін Speedtest қызметіне жүгінеді.