$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысы заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

Дайын өнімдер еліміздің барлық өңіріне жеткізіліп, жақын шетелдерге де экспортталады

Жамбыл облысы заманауи кірпіш зауыты іске қосылды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінде заманауи кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Өндірісте 3 адам жұмыс істейді

 Құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыт жылына 36 млн дана күйдірілген кірпіш шығара алады.

 «Өндіріс ошағында 3 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 15 адамға дейін көбейеді», - деп жазылған хабарламада.

 Зауыттың құрал-жабдықтары Қытай Халық Республикасынан сатып алынған. Барлық жұмыс автоматты түрде атқарылады.

 Кірпішті роботтар жинайды

Өндірісте алдымен топырақ, су және көмір арнайы станокта араластырылады. Кейін қоспа тығыздалып, кірпіштің пішініне келтіріледі.

«Бұдан соң кірпіштер пешке салынып, 400 градус ыстықта кептіріледі. Кейін 800 градус температурада күйдіріледі. Суыған кірпіштерді арнайы роботтар жинап, реттейді», - деп түсіндірді әкімдік қызметкерлері.

 Дайын өнімдер еліміздің барлық өңіріне жеткізіліп, жақын шетелдерге де экспортталады.

 Еске сала кетейік, 2025-2028 жылдар аралығында облыста жалпы құны 3,5 трлн теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары