Қосымша құн салығының шегі 40 млн теңге болады – Жұманғарин

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін ол Мәжілісте жаңа салық кодексін бірінші оқылымда таныстырып жатыр

Фото: үкімет

Жаңа салық кодексі бойынша қосымсша құн салығы салынатын шек 40 млн теңге болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жаңа салық кодексін бірінші оқылымда таныстырған премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұған дейін Мәжіліс кулуарында депутат, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев қосымща құн салығы салынатын шекті 40 млн теңге етіп бекітуді ұсынғанын айтқан еді