Қазақстандағы 227 электр станциядағы жабдықтардың жартысынан көбі тозған

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін премьер-министр энергетиканы дамыту саласына қатысты кеңес өткізді

Фото: үкімет

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өткізді. Кеңеске энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» компанияларының басшылары қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Кеңес барысында белгілі болғандай, Қазақстанда 227 электр стансасы жұмыс істейді екен.

«Станса жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56% жеткен», - деп жазды үкіметтің телеграмм каналы.

Бектенов кеңес соңында Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында заманауи көмір станцияларын іске қосу, Екібастұз қаласындағы заманауи ГРЭС-3 станциясының құрылысын маңызды жобалардың қатарына қосқан.