Осыдан кейін үкімет оны депутаттардың талқылысына салады
Үкімет қосымша құн салығын нақты неше пайызға дейін жеткізгісі келетінін ақпаан айының 15-20 жұлдыздарына қарай айтады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ең басты айта кететін жайт, біз қосымша құн салығын бизнес қауымдастықпен әлі талқылап біткен жоқпыз. Үкімет 15-20 ақпанға қарай оның нақты пайызын айтады», - деді Жұманғарин журналистердің сұрағына жауап бере отырып.