Үкімет қосымша құн салығының шегін 15 млн теңгеге дейін азайтуды ұсынды

Автор: Бақыт Шынар

Қазір оның шегі 78 млн теңге

Фото: freepik.com

Қазақстанда қосымша құн салығын төлейтін компнаияларды тіркеуге алудың шегі 78 млн теңге. Бүгін вице-премьер, Ұлттық экономика министрі ол шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, елімізде тіркелген 2,3 млн салық төлеушінің тек 137 мыңы ғана қосымша құн салығын төлейді.

«Бұл жалпы салық төлеушілердің тек алты пайызы ғана. Оның бірден бір себебі – қосымша құн салығын төлеудің шегі өте биік, 78 млн теңге. Сондықтан, бірінші кезекте біз осы шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз», - деді Серік Жұманғарин.